Басты талап-бюджет қаржысын тиімді игеру
Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалық етуімен аппараттық мәжіліс болып өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші мәселе аудан бюджетінің 2021 жылдың 1 маусымына игерілуі және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу туралы ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Т.Ноғаев баяндады.
Екінші мәселе бойынша ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Тұрлыбеков 2021 жылға арналған ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштер жоспарының орындалуы туралы хабарлама жасады. Аудан әкімі негізгі индикаторлық көрсеткіштердің яғни, егістік жерлерді игеру, бір алқаптан 2-3 өнім алу, жылыжай шаруашылығы т.б көрсеткіштер бойынша берілген жоспарларды тиісті деңгейде орындамаған ауылдық округ әкімдеріне қатаң ескерту жасап, орындалуын ұйымдастыруды тапсырды.
Келесі мәселе мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі және коммуналдық меншікті басқару туралы ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің баяндамасы тыңдалды.
Аудан әкiмi жиналыс қорытындысын шығара келе жауапты тұлғаларға бөлінген бюджет қаржысын тиімді әрі сапалы игерілуін, сонымен қатар индикаторлардың толығымен орындалуын тапсырды.