Халықтың талап-тілегі жіті бақылауда

5.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі, "Nur Otan" партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасы М.Отаршиев партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өз кезегінде, тұрғындар алаңдатқан маңызды мәселелерді қозғап, тиісті өз сауалдарын жолдады. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру, ауыз су, жайылым жер, коммуналдық тұрғын үй беру, жолды асфальттау, тұрақты жұмыспен қамту мәселелері қозғалды.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Сөз соңында тапсырмалардың орындалуын жіті бақылауында ұстайтынын айтты.

Айта ткетері, биыл халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Заң үстемдігі орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет,-деген болатын. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Халықтың талап-тілегі жіті бақылауда