Қоғам қызыққан жобалар көп

Screenshot_1.png

Шымкент қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламаның қосымша арнайы жобалары шеңберінде жаңа жобалар қолға алынды. Атап айтқанда  «Үнем – қоғам қуаты», «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет», «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобаларын қоғам қызыға қабылдады. Мысалы, шымкенттік бала-бақшаларда 2020 жылғы қазан айынан бастап балғындардың экосанасын қалыптастыру бағытында бірегей сабақтар, табиғаттану ойындары және су, электр энергиясын үнемдеуге үйрету ойын-сабақтары өткізілуде. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлтымыздың ұмыт болған дәстүрлері, оларды дұрыс насихаттауды қолға алған.«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында Шымкент қаласындағы Мәртөбе тарихи кешенінде келешек ұрпаққа жолдау жазылған капсула қаланды. Қала әкімінің қолдауымен іске асқан бұл акцияда сот қызметкерлерінің келешек ұрпаққа қалдырған жолдауында 14-15 ғасырлардан бастау алған қазақ елінің «Жеті жарғы» заңнама тарихы мен егемен еліміздің бүгінгі Заң үстемдігі туралы баяндалған. Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының бастауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Еңбек — елдің мұраты» тұжырымдамасы негізінде қала мектептерінде «Әкелер кеңесінің» мүшелері, қоғам белсенділері қажырлы еңбектің арқасында табысқа жету тәжірибесімен, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеяларымен бөлісіп келеді.

«Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының негізінде «JASTARGA — KENES» жас кәсіпкерлермен мотивациялық кездесу, тренингтер ұйымдастырылды. Бұл жоба биыл да жалғасады. Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен Жол картасы негізінде Шымкент қаласы әкімімен 78 тармақтан тұратын кешенді шаралар жоспары бекітілді. Оған халықтық сипат беріп, ұлттың жаңғыруы кезеңіндегі шаралардан бұқараны барынша хабардар ету басты назарда»,- дейді  Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Зәуре Оралбаева.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қоғам қызыққан жобалар көп