Грантпен іс бастауға мүмкіндік бар

Screenshot_2.png

Үшінші мегаполисте  «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарға 7 маусымнан бастап 18 маусымға дейін құжаттар қабылданады. 

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде осылай деп мәлімдеді.

Басқарма басшысы бағдарламаның шарттарын түсіндіріп, тұрғындар сауалына жауап берді.  Тұрғындар тарапынан негізінен қайтарымсыз грантқа қатысты сұрақтар қойылды. Жалпы тікелей эфирге мыңға жуық қала тұрғыны қосылды.

Басқарма басшысы азаматтарға конкурсқа қатысу  ережелерімен таныстырып өтті. Оның айтуынша  үміткерлер Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде көрсетілген құжаттарды үлгіге сәйкес толтырып, ұсынуы қажет.  Құжаттарды Ерімбетов көшесі, «Заңғар» бизнес орталығында орналасқан «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесіне өткізе алады. Сонымен қатар Qoldau.kz электронды порталының, «Бизнестің жол картасы – 2025» бөлімінде онлайн түрде қабылданады.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы  Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Грантпен іс бастауға мүмкіндік бар