«Бақытты қалаға бір билет»

Screenshot_25.png

Шымкентте  Туризімді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында талай тірлік тынып жатыр. Мәселен «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығының ашылуы осыған дәлел.Жақында орталық «Бақытты қалаға бір билет» байқауын ұйымдастырған болатын. Ерекше байқаудың жеңімпазы да белгілі болды. Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айдана Үсенова. Ол Шырайлы Шымқалаға саяхаттау мүмкіндігіне ие болды.

Елорда тұрғынына қаламыздың туристік имиджін дамыту әрі шаһардың көрікті орындарын насихаттау мақсатындағы ұйымдастырлған шара ұнайды. Іштей тәуекелге бел буып, бақ сынап көреді. Шымкент қаласына тегін әуе билеті, «Rixos Khadisha» қонақ үйіне бір күндік ақысыз демалыс, «Сандық» мейрамханасынан кешкі ас ішу кез келген саяхатшыны қызықтыратыны анық. Мұнан бөлек, Шымқаланың басты туристік нысандарына «RollsRoyce» көлігімен ұйымдастырылатын тур үлкен-кішінің құштарлығын тіптен асырды. Күн сайын Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қостанай, Семей, Тараз қалаларының тұрғындары арасынан бақ сынаушылардың қатары көбейді. Әйтсе де, Айдана басынан аяғына дейін байқау шарттарын мүлтіксіз орындап шығады.

–Жолда келе жатқанмын. Байланыс сапасының нашарлығына қарамастан тікелей эфирді қарап үлгердім. Кенет инстаграм желісінен маған видоқоңырау соғылды. Ұйымдастырушылар байқаудан жеңімпаз атанғанымды айтып құттықтады. Мен сенбей тұрып қалыппын. Тек жанымдағы достарым «сен бақыттысың» дегенде есімді жидым , – дейді Айдана Үсенова.

«Сабақты ине сәтімен» деген осы шығар. Оңтүстікте өмірге келіп, 2006 жылы бас қалаға қоныс аударған тұрғынның алғашқы жеңісі өзі үшін де қызық. Ол бұған дейін үшінші мегаполистегі Бәйдібек би ескерткішін тамашалап, дендросаябақта ғана болған екен. Айдананы Шымкенттің туристік нысандарымен танысу қатты қызықтырып жүрген. Көрікті, тамаша жерлерді аралауды ұнататын оның арманы осылайша «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы арқылы орындалады.

Айта кетейік, «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы жергілікті туристік нысандардың басшыларына осындай челлендж жолдап отыр.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Бақытты қалаға бір билет»