Екпе індеттің алдын алудың тиімді жолы
Сайрам ауданында 2021 жылдың 1-ақпанынан бастап 18 жастан жоғары тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы халықты тегін вакцинациялау емдеу-сауықтыру мекемелерінің 10 егу пункттерінде жүргізілуде. Бұл туралы Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ералқасын Түктібай хабарлады.
Бірінші кезеңде коронавирустық инфекцияға қарсы егуге 23505 тұрғын жоспарланған. Бүгінгі күнге КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші компонентпен 25800 адам, екінші компонентпен 7700 адам егілді. Оның ішінде толық егілген медицина қызметкерлер саны-2427, мұғалімдер-2353, мемлекеттік қызметкерлер-176, студенттер-130, полиция қызметкерлері -100, диспансерлік есептегілер-319, басқалар-2195. Вакцинация алғандар арасында вакцинациядан соң жағымсыз әсерлерге шағымданғандар тіркелмеді, бұл вакцинаның қауіпсіздігін білдіреді.
Вакцинация алу үшін өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша телімдік дәрігеріңізге, мейірбикеңізге жүгіну немесе «eGov mobile» қосымшасындағы порталымен электрондық өтінімді жіберу арқылы алуға болады.
-Короновирустық инфекцияға қарсы егу-пандемияның тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Өзіңізді қорғап және жақындарыңызға қамқор болыңыз,-дейді басқарма басшысы.
Айта кетері, бүгінде коронавирус індетіне қарсы вакцинациялау шаралары облыстың барлық аудан, қалаларында қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысы республикада екпе салдыру бойынша алдыңғы орында келеді.