Қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып отыр

Screenshot_5.png

Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы талай жобаның іске асуына себепкер болды. Соның бірі шымкент қаласындағы қағаз қалдықтарын өңдейтін «Бумпром» ЖШС. 2017 жылы іске қосылған өндіріс ошағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Ел экономикасының дамуына үлес қосқан зауытта жарамсыз қағаздар өңделіп, одан қатты қораптар жасалады.

Кәсіпорын «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды. жылына 4 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. 

Аталған өндіріс ошағында қағаз қалдықтары мен жарамсыз қораптар өңделіп, одан гофро картондарды шығарады. Зауыт басшысы өндіріске қажетті қағаз қалдықтарының бір келісін  70 теңгеден, ал қатты картондарды 50-55 теңгеден  сатып алып отыр. Әлемді жайлаған індеттің салдарынан көрші Ресейде қағаз тапшылығы сезілуде екен. Сондықтан біздің отандық өнімге деген сұраныс көрші елдерде жоғары болып тұр. Тіпті өзімізден  Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарынан тауарға жиі тапсырыс түседі екен.

"Біздегі шетелдік қондырғыларда жергілікті жастар еңбек етеді. Барлығы заманауи құрылығылардың тілін жетік меңгеріп алған. Қазір мұнда 65 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр",- дейді зауыт басшысы Нұрали Бижанов.

Бұл зауыттың өзге кәсіпорындардан ерекшелігі шикізатты өзі жасайды. Яғин жарамсыз болып қалған қазақ-кардондар қайта өңдеп, кәдеге жаратады. Бұл өндірілген тауардың өзіндің құнның төмен болуына әсері бар, дейді мамандар.


 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып отыр