“Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы”

18.jpg

Медицина қызметкерлдерінің кәсіби мерекесіне орай Ордабюасы аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында аудан әкімі Б.Батыршаев медицина қызметкерлерін құттықтап, сала үздіктерін марапаттады. Сонымен қатар, аудандық маслихат хатшысы Ә.Қасымбай, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіхайымұлы, Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Б.Сағынбеков, аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Мырзагелдиев және медицина қызметкерлерінің ардагерлері сахна төріне шығып, ізгі тілектерін жеткізді.

Аудан әкімі Бағылан Батыршаев өз құттықтауында елімізде орын алған індеттің алдын алуда ақ халатты абзал жандардың үлесі зор екенін атап өтті. “Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне, ерен еңбектері, төзімдері мен мейірімді жүректері үшін шынайы алғысын жеткізді.

Бүкіл әлемді шарпыған коронвирус індеті ақ халаттылардың қоғамдағы рөлін тағы бір айқындап берді. Дертпен күресуде дәрігерлердің еткен еңбегі орасан. Кейбір дәрігерлер сол үшін өз өмірлерін де қауіпке тікті. Тіпті өз өмірін құрбан еткендер де бар. Дәрігердің еңбегі еш уақытта ескерусіз қалмауы тиіс.  Мереке құтты болсын ақ халатты абзал жандар!