«Қауіпсіз жол» шарасы өтуде

19.jpg

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінінің бекітілген «Жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізудің 2021 жылғы 2-тоқсанда жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнайы операциялар өткізу кестесінің талаптарына, Түркістан облысы Полиция Департаментінің нұсқау хатына сәйкес, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында, 2021 жылдың 17 мамыр мен 16 маусым аралығында Ордабасы ауданында бірлескен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шара барысында Ордабасы ауданы бойынша 864-тен астам жолда жүру ережесін бұзған құқық бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, көлік құралын мас хәлде басқарғаны үшін 4 құқық бұзушылық анықталып аудандық сотпен көлік құралын басқару құқынан 7 жыл мерзімге айрылып, 15 тәуілікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар, тиісті рұқсатсыз жолаушылар тасмалымен айналысқан 2 азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463-бабымен әкімшілік хаттама түзіліп, аудандық сотқа жолданды. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Қауіпсіз жол» шарасы өтуде