Түлкібаста қоғамдық қабылдау өтті
Түлкібас ауданындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Түлкібас аудандық бөлімінің (ХҚКО) ғимаратында аудандағы мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің мамандарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы аудандық бөлімдерінде (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында) азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша бекіткен кестесіне сәйкес жүргізілді.
Қоғамдық қабылдауға 26 азамат келіп, өздерінің талап-тілектерін білдірді. Тұрғындар жер, ауыл шаруашылығы, білім, тұрғын үй, әлеуметтік сала бойынша сұрақтар қойып, оларға заң аясында жауаптар берілді.
Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған Жолдауында:
-Заң үстемдігі орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мем¬лекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұр¬ғыда құқық қорғау және сот жүйеле¬ріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға ре¬форма аса қажет.
Жағдай жедел өзгеруде. Күштік құ¬ры¬лымдар жұмыстың озық әдістеріне кө¬бірек ден қойған сайын олардың ха¬лық¬¬аралық тәжірибелерге бейімделу мүм¬кін¬дігі арта түседі,-деп атап өткен болатын.