Түлкібаста қылмыс азайған

17.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданында өткен жылдың тиісті кезеңінде барлық ауыр және аса ауыр қылмыстар 57 болса, биылғы жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш профилактикалық рейдтік жұмыстардың нәтиесінде 32-ге кеміп, 25 қылмысты істі құрап отыр. Аса ауыр қылмыстың ашылуы 100 пайызға, ал ауыр қылмыстың ашылуы 72,2 пайызды құрап отыр. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ, пәтер ұрлығы 11-ге кеміген. Өткен жылы тиісті кезеңде 12 пәтер ұрлығы тіркелсе, биыл 1 пәтер қылмысы тіркеліп отыр. Тиісінше көшеде жасалған қылмыс саны өткен жылдын тиісті кезеңімен салыстырғанда өсіп отыр. 

Бұл жайында бүгінгі аудан әкімдігінің құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомства аралық комиссия отырысында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Мұздыбаев баяндады.

Отырыстың күн тәртібінде қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігі, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және аудан прокуратурасының ұсыныстары қаралды.

Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Нұрлан Байғұт көшеде жасалған қылмыстын өсуіне байланысты аудандық полиция бөлімін сынға алып, тез арада профилактика және рейдтік шараларды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, жауапты орынбасары мен адами әлеуетті дамыту және ішкі саясат бөліміне, жастар арасындағы ерте жүктілік, кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қатынасты болдырмау, интернет алаяқтық және т.б. қоғамдық маңызды мәселелерді алдын алу мақсатында профилактикалық шараларын барынша жандандыруды тапсырды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түлкібаста қылмыс азайған