Жаңа павильондар орнатылуда

Screenshot_14.png

Аялдама тек қана жолаушылар қоғамдық көлік күтетін орын ғана емессонымен қатар аялдама көшенің сәні. Үшінші мегаполисте соңғы жылдары көз тартарлық әсем, миллионды қала үшін жарасымды аялдамалар пайда болуда. 

Мамандардың дерегінше Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығымен қалада 65 аялдама орнатылады.  Оның бүгінде 43 данасы толығымен аяқталды. Ал ауыстырылған ескі үлгідегі аялдамалар қаланың шалғай елді мекендеріне орналастыру жұмыстары жүргізілуде. 

Жалпы шаһарда  "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы шеңберінде қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. 250 аялдама павильоны орнатылды.   Оның 170 данасы ескі аялдаманың  орнына, ал  80 данасы бос орындарға қойылуда.  

  Қала орталығынан шыққан 170 ескі аялдаманың 60%- жарамсыз, ал  40%-ы  шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды дейді салаға жауаптылар.  Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде, 2025 жылы қала  аялдама павильонымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында «Ақылды қала» жобасының негізінде ерекше аялдамалар орнатылуда. Пилоттық режимде жүзеге асырылып отырған «Ақылды аялдама» жобасы жеке инвестор қаражаты есебінен салынып отыр. «Ақылды аялдама» толығымен жабық, оның ішінде интернет, салқындатқыш, бейнекамера, 2 дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады. Бұл аялдамалардың ерекшеліктері көп. Мәселен, сырттағы ауа температурасы -10 градус болған жағдайда жылу жүйесі бірден іске қосылады. Бәрі «Ақылды қала» жүйесіне қосылған.

Алдағы уақытта жоба оң нәтиже берген жағдайда, ақылды аялдамалардың санын арттыру жоспарлануда. 




®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жаңа павильондар орнатылуда