Түлкібастың мерейін үстем еткен саңлақтар
Төрекелді Әлихан, Мұхамеджан Жанаділ, Жанжол Саматұлы, Жансұлтан Баубекұлы. Бұл есімдер соңғы бір айда жекпе-жек спорт түрлері мен қол күрестен республикалық біріншіліктерде топ жарып, Түлкібас ауданының мерейін үстем еткен саңлақтар.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт жас тарландарды қабылдап, сый құрмет көрсетті. Аудан тұрғындарының атынан алғысын білдіріп, алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Тарқатып айтатын болсақ;
Төрекелді Әлихан- Нұр-Сұлтан қаласында өткен таэквандодан жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі І – орын;
Мұхамеджан Жанаділ- Бурабай қаласында өткен қол күрестен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі ІІ – орын;
Жанжол Саматұлы- Ақтау қаласында өткен белбеу күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі ІІІ – орын;
Жансұлтан Баубекұлы-Нұр-Сұлтан қаласында өткен дзюдодан жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі ІІІ – орын;
Жас спортшыларымызды айтулы жеңістерімен құттықтай отырып, еліміздің көк байрағын халықаралық ареналарда желбіретуіне тілектеспіз! Түлкібас ауданында жас спортшыларды қолдау, оларға құрмет көрсету алдағы уақытта да жалғаса береді. Ел мерейін үстем еткен жас спортшыларды аудан әкіміні арнай қабылдауы кейінгі кезде дәстүрге айналып келеді.