«Жасөспірім» рейді ұйымдастырылды
13 шілде күні Түлкібас аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері бірлесе отырып, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ата-анасыз түнгі уақытта адам көп шоғырланған (Арбат, саябақта) және қараусыз қалған орындарда жүрулеріне тыйым салу, жастар арасында қолайсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында "Жасөспірім" атты түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Іс – шара барысында қызмектерлер 2 топқа бөлініп, Майлыкент ауылдық округінде тиісті жұмыстарды жүргізді. Жұмыс барысында аудан тұрғындарына кәмелет жасына толмағандарға 23-00-ден кейін заңды өкілсіз бей-берекет жүрмеу керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз,-деген болатын.