Ардагерлер ұйымының конференциясы өтті
Түлкібас аудандық мәдениет үйінде ардагерлер кеңесінің кезекті конференциясы өтті. Шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, аудандық мәслихат хатшысы Садуахас Сейсенбаев мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек және ардагерлер ұйымдарының делегаттары қатысты.
Күн тәртібінде Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің 2016-2021 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды.
Сонымен қатар, жиында көпшіліктің дауыс беруімен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен тексеру комиссиясының мүшелері де сайланды. Сондай-ақ, Түркістан облыстық ардагерлер ұйымның конференциясына делегаттар да осы отырыс аясында айқындалды.
Алдын ала нақтыланған мәселелер шешілген соң, сөз алған аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы қариялар қауымының белсенділігіне ризашылығын білдерді.
«Ең алдымен мен осында отырған ардагерлеріміз бен қарттарымызға риясыз алғыс айтқым келеді. Өйткені, түлкібастық ардагерлер елдің мәселесін оңтайлы шешуде әкімдік өкілдері мен етене арласып, өте белсенді жұмыс жүргізеді», - деді аудан әкімі.
Ардагерлер ұйымы мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде осы кезге дейін Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып келген Қасымбек Сәтбай Нұрлыбайұлы аталған лауазымды алдағы 5 жыл бойы әрі қарай жалғастыратын болып шешім қабылданды.