Жастардың әлеуметтік мәселесі басты назарда

Screenshot_35.png

Қай кезді алып қарасақ та қоғамның қозғаушы күші – жастар. Шымкентте мемлекеттік жастар саясаты сәтті жүзеге асып отыр. Жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, рухани тұрғыда өсуіне бағытталған көптеген жобалар қолға алынуда.

 Статистикадық мәліметтерге жүгінсек, үшінші мегаполисте 239 443 жас бар. Оның 84 771-і жұмыс істесе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандары - 23 602. Ал олардың 3,8 пайызы жұмыссыздар қатарында екен. Сол себепті қазіргі таңда өзектісі баспанамен қамту және жұмыссыздық мәселесі болып тұр. 

"Бұл бойынша 2021-2022 жылдар аралығында «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4500 жасты оқытып, кемінде 2000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлу және «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік жасап, 2020-2025 жылдар аралығында 15 мыңға жуық жасты «Жастар практикасына» бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік жасауды көздеп отырмыз",- дейді Шымкент қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Мағжан Исахов.

Ал тұрғын үй мәселесі бойынша 100 ерікті жастың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында қолжетімді баспана тетіктерін түсіндіруде ақпараттық-насихаттау жұмыстары ұйымдастырылуда. Және де жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл сайын 900 пәтерден 3 жылда 2700 пәтер берілуін ықпал ету қаралып отыр дейді мамандар. 

Сонымен қатар 1000-нан астам жас отбасыны қолдау бойынша «Бақытты отбасы» жобасы іске асырылады. Және 100-ден астам отбасының қатыcуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі, 200 жас отбасылардың қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы, 100-ден астам отбасының қатыcуымен «Отбасы фест» фестивалін ұйымдастыру, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған.