Жасминнің тәттілеріне сұраныс жоғары

Screenshot_13.png

Шымкент қаласының тұрғыны Жасмин Абдраимова мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, берілген қаражатқа кондитер цехын ашты. Қала тұрғыны Жасмин ханым өткен жылы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 21 күндік «Бизнес бастау» кәсіптік оқытуға жолдама алған.

Нәтижесінде кәсіптік сертификатын алып, мемлекеттік грантқа қатысу үшін «Кондитер өнімдері» ісі бойынша бизнес жоспарын ұсынды. Бұл жобаны комиссия мүшелерінің алдында сәтті қорғап шыққан болатын. 

Нәтижесінде 200 АЕК(555 650) көлеміндегі грантқа қол жеткізіп, қаражатқа цехқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде  бәліш, төрт түрлі кодитерлік тәтті тағамдарға тапсырыс қабылдап, отбасылық кішігірім ісін дөңгелетіп отыр. Жұмысым өзіме ұнайды деген келіншек, тәттілерге сұраныс қашанда жоғары дейді және Жасмин жастарды қол қусырып отырмай, әрекетке көшуге, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды.

Айта кетсек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екі бағыты аясында 2020 жылы 4828 адам грантқа қол жеткізсе, биылғы жылы 600 адамға грант берілді. Ал, «Бизнес бастау» курсына биылдың өзінде 1900 адам жолданған.

Ал жалпы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үшінгі мегаполсите ағымдағы  жылы 21 842 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отырған көрінеді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жасминнің тәттілеріне сұраныс жоғары