Түлкібастық әжелер Түркістанды аралады

9.jpg

Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен аудандық әжелер алқасының мүшелеріне Түркістан облысының киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақ жаулықты әжелеріміз саяхат барысында Түлкібас пен Түркістан аралығындағы киелі орындарға зиарат етіп, жаңадан жаңғырған Түркістан қаласының бүгінгі көрінісін тамашалады. 

Әжелеріміз игі іске мұрындық болған аудан әкімдігінің басшылығы мен демеушілік жасаған жандарға алғыстарын айтып, баталарын берді. 

Мұндай шара Түлкібаста бұған дейін де жасалған.  Мамыр айында Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен әр түрлі салада қызмет еткен 30-тан астам ардагерлер мен Батыр аналар күн санап ғарыштап дамып, түрленіп келе жатқан Түркістан облысы мен Түркістан қаласының киелі орындарын аралап, зиярат етті. Түлкібастық қариялар киелі орындарды талап, тарихымен танысты. Бұл саяхаттан аудан ардагерлері рухани серпіліп алып қайтқан болатын.

Жалпы күннен күнге түрленіп, Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде мойындалған Түркістанның туристік, киелі орындарына адагерлердің, ақ жаулықты әже-аналардың саяхатын ұйымдастыру облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасы бойынша өңірдің барлық аудан, қалаларында жасалуда.