«Биебау» дәстүрі дәріптелді

Screenshot_15.png

Шымкенттегі Салт-дәстүр Орталығының ұйымдастыруымен «Shymqala» этноауылында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында маусымдық дәстүрлі мерекелерді ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Биебау» этно-танымдық шара онлайн форматта өтті. 

Шараның мақсаты – жұртшылықтың ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге қызығушылығын арттыру, жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығын насихаттау.

 Қазақтың қымызы дертке дауа, жанға шипа бергені үшін бүгінде шетелдерге де жақсы мәлім. Міне, осындай керемет қасиетке ие, ұлттық сусынымызды дәріптеу әрі ұмытылуға айналған ұлттық мерекені жарыққа шығару, жас ұрпаққа салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасы бүгінгі шарада кеңінен насихатталды. 

Іс-шара аясында жылқының тарихы, оны қолға үйретудегі, биені сауудағы атқарылатын ғұрыптар, қымыз дайындау процесі көрсетілді. «Үкілі» әжелер мен орталық қызметкерлері «Биебау» дәстүрінен көрініс көрсетті. Сондай-ақ, қолөнер шеберлерінің көрмесі, әйелдер арасында «қатын күрес» ойыны, балаларға «асық» ойындары, «мешкейлер» сайысы өтті. Үлкендер бапты қымыздан дәм татып, келелі дүкен құрды.  Іс-шара соңы «алтыбақан» ойын-сауығына ұласты. «Биебау» этно-танымдық шара ел есінде қаларлық мереке болды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Биебау» дәстүрі дәріптелді