Дәрігерлер үй аралап, екпе салуда

12.jpg

Түлкібас ауданында коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында 13 екпе егу пунктерінде 25 медициналық бригада тұрғындарға екпе егу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Бұдан бөлек, үш жылжымалы бригада елді мекендерді аралап, үйінен шыға алмайтын тұрғындардың үйіне барып екпе егу шараларын жүзеге асыруда. 

Бүгінде Түлкібас ауданында 13 екпе пунктерінде 28 305 аудан тұрғыны екпенің 1-компонентін, 19 673 азамат 2-компонентін алған. Жалпы аудан тұрғындарына «Спутник-V», «QazVac», «Hayat Vax» және «КороноВак» екпелері егілуде. Дәрігерлердің айтуынша, аудан тұрғындары тарапынан коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдау белсенділігі басым. 

Соңғы тәуліктерде елімізде коронавирусқа қатысты эпиемиологиялық ахуал күрделеніп келеді. Аурудлың ауыздықтаудың бір ғана жолы бар, ол-вакцина салдыру. Түркістан облысында егу науқаны басталғаннан бері 505 675 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді. Екінші компоненті - 315 226 адам. Бүгінгі күні облыс бойынша 128 егу пункті жұмыс істейді. Сондай-ақ, өңірде 14 ПТР-зертхана, оның ішінде 10 мемлекеттік ПТР зертхана жұмыс істейді. Өткен тәулікте зертханаларда 1 347 адам тексерілді.











®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дәрігерлер үй аралап, екпе салуда