Көкпар – қазақтың жаны

11.jpg

Қазақтың ұлылығы мен даналығын бүкіл әлемге паш ететін мәдениеті мен салт-дәстүрі болса, соның ең бастысы ұлттық спорт ойындары екені даусыз. Ұлттық ат спорты ойындары ішіндегі – көкпар. Көкпар – қазақтың жаны. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпар – ата-бабаларымыздың асыл аманаты. Көкпар жігітердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт түрі. Ол біз барда бізбен бірге мәңгі жасасып, бірге дамып отырады. Осы бағытта ат спортын кеңінен насихаттаған, кең-байтақ Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дамытуға үлес қосқан, үлкен жетістіктерге жеткен Дауылбаев Әбілхан  көкпардан КСРО – ның 9 дүркін жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі төреші, 1980-1991 жыл аралығындағы көкпардан Қазақстан құрамасының капитаны, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, спорт шебері. 

Дауылбаев Әбілхан атамыздың шаңырағында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаев және халық қалаулысы Р.Қарақұлов қонақта болып, канвассинг кездесулерін өткізді. Келген қонақтарды ат спортының майталманы жылы қарсы алып, өзінің өткен шағындағы осы спорт түрі бойынша қызықтары мен сол заманның шабандоздары жайында әңгімесін баяндап берді. Аудандық мәслихаттың депутаты – Рамжан Жаңабайұлы Түлкібас ауданы Әбілхандай азаматын үлкен құрметпен мақтан тұтатындығын жеткізді. Сонымен бірге әңгіме барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары – Қуатбек Сағымбекұлы «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін жоспарланған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Түлкібас ауданы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға шолу жасап өтті. Одан бөлек қазіргі ауыл әкімдерінің халық сайлайтыны жаңа бір бастама болғанын және үлкен өзгерістер алып келетіндігін алға тартты. Филиал атынан ел ағасы – Дауылбаев Әбілхан ағамыздың отбасы амандығы мен денінің саулығын тілейміз.

«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының баспасөз қызметі. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Көкпар – қазақтың жаны