Түлкібастық мемлекеттік қызметкерлер 100 пайыз екпе салдырған

Түлкібас ауданы әкімдігінің аппараты мен дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімдіктерінде барлығы 205 мемлекеттік қызметкер бар. Аталған мекемелерде індетке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында белгіленген санаттағы мемлекеттік қызметкерлер толығымен екпе алған. Тек қана қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен санаттағы 8 қызметкер екпе алудан босатылған (жүкті әйелдер, науқас және мүгедектігі бар қызметкерлер).

image.png

Қазіргі таңда аудан аумағында екпе егу пунктерінде 28 470 азамат екпенің І-ші компонентін, 18 924 тұрғын ІІ-ші компонентін алған. Соңғы тәулікте қосымша 970 тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші және екінші компонентін салдырған.

Ал, Сайрам ауданында 7 екпе егу пункті бар. Жалпы 29 егу бригадасы жұмыс істейді. Жұмыс тобында дәрігер, вакцинатор, тіркеуші бар. Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын тұрғындар үшін айданда 8 жылжымалы бригада ұйымдастырылған. Олар сайрамдықтардың үйлеріне барып, екпе егу жұмыстарын жүргізеді. Барлық мамандар екпе егу бойынша арнайы дайындықтан өткен. Жылжымалы бригадаларға көлік бекітілген.

Бұдан бөлек,ауданда екпе құтыларын сактауға арнайы қойма ұйымдастырылған. Онда құтыларды сақтауға жане тасымалдауға 2 стационарлы мұздатқыш, 5 рефрижератор мен термоконтейнер бар. Егу тіректерінің әрқайсысы 1 мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген.

Сайрам ауданында 49 480 адамға екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін, 1- компонентпен 31 430 адам, 2- компонентпен 19 562 адам қамтылып отыр. Ауданда екпе салдырушылардың қатарының артуы байқалады.