Шымқаланың туризмі алға жылжуда

Screenshot_9.png

Шымкентте тарихи орындарды жаңғырту жоблары қолға алынуда. Сондай-ақ, шырайлы шаһар еліміздегі туристер баруға ұсынылатын ТОП-10-ға кіргізу жоспарлануда. 

Шымкентке келетін шетелдік қонақтардың дені көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай азаматтары. Оларды мұнда негізінен ас мәзірі, тарихи орындар мен Түркістан облыстарының тарихи орындары мен таулары қызықтырады екен. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдарәлі Раманов  қаладағы көрікті орындарды тамашалау, дәмі әралуан керемет асханасынан дәм тату мақсатында келетін туристер саны жыл санап артып жатқанын айтады. Пандемияға дейін мегаполисте туристік әлеуетті жетілдіру бағытында бірнеше тың жобалар қолға алынғанын да атап өтті.

"Қаламыздың туристік маңызы зор, инфрақұрылымы дамыған. Әрі ол  Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі орталық. Қаланың 500 шақырым радиусында шамамен 20 миллионға жуық адам тұрады. Осы орайда, Шымкент өзінің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірінің туризмі үшін тірек орталыққа айнала алады. Ақпараттық орталық Елбасының бұл айтылған сөзін челлендж ретінде қабыл алып, «қалай туристерді өзімізде ұстап қаламыз» деген сұрақтың жауабын іздеуге кірісті. Жыл басында қала әкімінің қатысуымен ашылған орталықтың жетістіктері аз емес, - дейді орталық директоры А. Раманов.

Айдарәлі Раманов биыл елімізде туризм саласын дамыту бойынша қабылданған жаңа заңда туристік нысандар салатын кәсіпкерлер үшін инвестициялық жеңілдіктер қарастырылатынын айтады. Соған сәйкес қаржылай қолдау тетіктерінің де ауқымы кеңейді. Олардың қатарында инвестициялық жеңілдіктер, туристік қызметті ынталандыру, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығындарын субсидиялау сияқты басымдықтар бар.

– Биылдан бастап елімізде турист салығы енгізілуде. Ол бір тәулікке адам басына шамамен 500-1500 теңгені құрайды. Аталған салық жергілікті әкімдікке түседі. Жиналған қаражат туризм саласын дамытуға жұмсалады. Тағы бір мүмкіндік, егер сіз кәсіпкер болып қоғамдық әжетхана соғатын болсаңыз айына 83 мың теңге күтіп-баптауға беріледі. Ал туристерге арналған автобус сатып алған жағдайда 25 пайыз қаржысын мемлекет субсидиялайды. 500 миллион теңгеден көп мөлшерде инвестиция құйып туристік нысан соғатын болсаңыз, онда 10 пайыз ақшасын мемлекет арқылы субсидиялау көзделген. Әрбір шетел азаматы туристік компанияға келетін болса, 20-25 пайыз қосымша субсидиялау қарастырылған, - дейді Айдарәлі Әмірәліұлы.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздегі туризмді дамыту тұжырымдамасына орай тарихи-мәдени ошақтарды қайта жаңғырту және оларды туризм индустриясына тарту керек екені жайлы нақты айтылады. Айдарәлі Әмірәліұлы қаламыздағы Сайрам тұрғын алабын қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жаңа келбетін қалыптасыру бойынша жобалық мастер-класс басталғанын айтты. Егер жоба мақұлданса, ескі қалашық қамалын қайта жаңғырту жұмыстарымен қатар сансыз баптар жатқан мекенді шығыс стиліне көшіру жұмыстары да қолға алынады. Бұл өз кезегінде туристік нысандардың екінші тынысын ашуға ықпал етеді.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шымқаланың туризмі алға жылжуда