Көшеттер тамшылатып суарылуда

8.jpg

Ордабасы ауданында көгалдандыру,  абаттандыру шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Алайда елді мекендерге, көшелердің бойына көшет егу бір басқа, оларды күтіп баптау өз алдына бөлек мәселе. Әсіресе, жаздың ыстық күнінде жас көшеттерді қуратып алмау өзекті проблемаға айналып тұр. 

Осы орайда ауданда көшеттерді суарудың тиімді жүйесін жасау қолға алынғанын айта кеткен жөн. Айталық,  Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің Төрткүл ауылдық округ тұсына егілген шыршалар тамшылатып суару әдісімен суарылуда.

Орталық саябақ аумағына отырғызылған 600 м аумақтағы шыршалардың 400 м жеріне демеушілер есебінен израилдік тәсілмен тамшылатып суғару құрылғылары орнатылды. 

Қалған 200 м жерге құрылғы орнату жұмыстары жалғасуда.

Тамшылатып суару тиімділігі әлдеқашан дәлелденген тәсіл саналады. Аталған жаңа технология   Оңтүстік өлкесі үшін таңқалатын дүние емес. Ол шаруашылықтарда, көгалдандыру шараларында кеңінен қолданылады. Тамшылатып суарудың көптеген артықшылықтары бар. Қазіргі уақытта көптеген өңірлерде  көше бойындағы көшеттер қолмен суарылады. Бұл көп жұмыс күшін талап етеді. Ал тамшылатып суару әдісі әрі тиімді, әрі үнемді. Жаңа технология арқылы суды үнемдеуге болады.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Көшеттер тамшылатып суарылуда