Мәжіліс депутаттары Шымкентте
Шымкентте алдағы бес жылда 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Нәтижесінде 3 мыңға жуық көп балалы отбасы мен әлеуметтік әлсіз топ өкілдері баспаналы болмақ. Дегенмен құрылыс сапасы басты назарда. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары- «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Берік Оспанов пен Фахриддин Қаратаев «Shymkent City» шағын ауданында болып, көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып шықты.
Мәжілісіменден жаңадай бой түзген «Shymkent City» шағын ауданындағы 10 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылыс басына барды. Қарапайым жұмысшылармен кездесіп жағдайларын білді. Заман талабына сай тұрғызылып жатқан әсем үйлер жасыл қаланың шырайын кіргізіп, халықтың баспанаға деген мұқтаждығын шешеді. Басты мақсат дүниенің сапалы болуы ,дейді депутаттар.
Тұрғы үй құрылысын «Damdes Құрылыс invest» ЖШС-і жүргізіп жатыр. Жалпы аумағы 29.622 шаршы метрді яғни, 420 пәтерді құрайды. Пәтерлер желтоқсанда ел игілігіне берілмек. Өз кезегінде мердігер компания басшысы құрылыс материалдарының күрт қымбаттау, пәтер бағасында әсер ететінін атап өтті.
Мәжіліс депутаттары құрылыста отандық тауарларды көбірек пайдаланып халыққа барынша ыңғайлы жағдай жасауды ұсынды. Оған қоса аулаларды абаттандыру мен көлік тұрақтарын оңтайластыруды ұсынды. Жалпы қала аумағында құрылыс партия өкілдерінің жіті бақылауында болмақ. Мәжіліс депутаттары мердігерге жаңа тұрғын үй кешенінен аз қамтылған отбасыларға қолжетімді бағамен баспана қарастыру жағын да атап өтті. Бұның барлығы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы негізінде жүзеге асырылмақ.