Көкөніс қоймасын салу жоспарлануда
Шымкент қаласында көмірқышқыл газын қайта өңдейтін кәсіпорын салу ұсынылды. Қала әкімінің төрағылығымен өткен инвестициялық штаб отырысында «РЕТ» ЖШС-нің өкілі көмірқышқыл газын қайта өңдейтін зауыт жобасын ұсынды.
Жоба құны – 3,5 млн АҚШ долларын құрайды. 2022-2023 жылдарға жоспарланған жоба тәулігіне 40 тоннадан астам көмірқышқыл газын қайта өңдеуге қауқарлы. Шымкент қаласында қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру қажет екенін айтқан қала басшысы аталған жобаның іске асырылуына барынша қолдау көрсетуді тапсырды.Жаңа өндіріс Шымкент қаласының экологиялық жағдайына оң әсерін тигізеді, сонымен бірге тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.Атмосфераға көмірқышқыл газының техногендік түсуінің негізгі көзі түтін газдары болып табылады. Түтін газдарын залалсыздандырудың бір әдісі - олардан көмірқышқыл газын алу. Көмірқышқыл газы тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Сондай-ақ Жоба ұсынушы «КЕРЕМЕТ-САПА» ЖШС жетекшісі қоймада 2 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға болады дейді. Қойма тауарлардың ұзақ уақыт балғын күйде сақталуын қамтамасыз етеді. Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба жүзеге асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қала әкіміне инвестор қойманы салу үшін 1 гектар жер телімі қажеттілігі туындап отырғанын айтып, көмек берілуін сұрады. Шаһар басшысы аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына инфрақұрылымы дайын аумақтан жер телімін беру туралы шешім қабылдады.Шымкент қаласында көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланып отыр. Оны кәсіпкер өз есебінен жүзеге асырмақ.