Бір шаңырақ астында
Еліміздің үшінші мегаполисінде түрлі этнос өкілдері қазақ жұртымен бірге тонның ішкі бауындай өмір сүріп келеді. Солардың бірі - Саркисян жанұясы.
«Қазақстанның бірегейлігі – оның бірлігінде», деп біледі отағасы Вардан Саркисян. Ол халықтар арасындағы достық түсінігі шымкенттіктердің жүрегіне ұялағанын бұрыннан біледі. Себебі, өмірде қандай қиындыққа тап болса да түрлі ұлттан достары көмек қолын созатынын айтады. "Солақай саясаттың салдарынан біздің ата-бабаларымыз 1944 жылы Грузияның Ахысқа аймағынан қазақ жеріне қоныс аударды",- дейді В.Саркисян.
Варданның жан-жары орыс ұлтының өкілі, шымкентте туып-өскен. Қаламызға қоныс аударушылардың ұрпағы Шымкентті мәңгілік мекен етіп қалған.
Түрлі ұлттың өкілі болса да жарасымды жұп әрдайым тату-тәтті өмір сүріп келеді. Айтуларынша, бұған қоршаған орта, өмір сүріп отырған қоғам мен бірін-бірі түсіну ықпал етеді.
Шымкентте өз бірегейлегін сақтап қала отырып, басқаларды да танып-білуге әбден болады. Қазақстаннан көшіп кетуді ойладыңыздар ма деген сауалға: “Не үшін“, “Қайда” деп тез әрі сенімді жауап береді.