Халықпен кері байланыс нәтижелі іске асуда
Шымкент қаласында халықпен кері байланыс орнату мақсатында «Ашық әкімдік» жұмысын бастаған еді. Мұндай жобаны қолға алуға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшу туралы тапсырмасы негіз болған. Билік өкілдері бұл формат халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметті барынша қолайлы етуге мүмкіндік беретінін мәлімдеуде. Жоба аясына қала әкімі мен орынбасарлары тұрғындардан әкімшілік кедергілерді азайту және арыз-шағымдар мен талап-тілектерін қабылдайды.
Алайда, ел аумағында қалыптасқан эпидахуалға байланысты қабылдаулар уақытша онлайн өтуде. Шағымданушы азаматтардың басым бөлігі – жер мен тұрғын үй алу мәселесі бойынша жүгінеді. Әкімдік құзіреті шегінде 167 мемлекеттік қызмет көрсететін болса, соның 158-і «Egov.kz» порталы арқылы жүзеге асады, қалған 9-ы әзірге қағаз жүзінде. Бірақ жыл соңына дейін арнайы порталдар іске қосылып, әкімдік ұсынатын қызметтер толық электронды түрде ұсынылады.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері жергілікті органдардың қызметіне қатысты қабылданған өтініштердің 93%-ына жауап берілген. Тұрғындар да бұл жобаның тиімді екенін айтуда.