Шөкеев қолдаған параолимпиадашы үздік атанды
Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен жоғары деңгейде жаттығу жасауына толық жағдай жасалған түркістандық спортшы Бейбарыс Спатай Токиодағы Параолимпиада ойындарында бас сынады. Жерлесіміз қолдаудың нәтижесінде шетелдерде бірқатар оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шынығып шыңдалды.
Отандасымыз Токио төрінде іріктеуден сүрінбей өтті. Ең үздік спортшылар қатарында финалға шықты. Ол KL2-200 м жарыс түрінде бақ сынап, 9-орынға ие болды. Жас спортшы үшін бұл – жақсы нәтиже. Ерік-жігерін салып, қайсарлық танытып, ел намысын қорғаған ескек есуші спортшы енді басқа додаларға дайындалады.
Токиодағы Параолимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бұрын болмаған тарихи жетістіктерге қол жеткізуде. Əзірге Қазақстан ұлттық құрама командасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс жəне 1 қола медаль бар.
Бұл күндері Жапонияның Токио қаласында бес құрлықтың параолимпиадашылары қатысып жатқан дүбірлі дода өтуде. Əр төрт жыл сайын өтетін спорт додасы 27-тамыз күні бастау алып, 5-қыркүйекте аяқталады.
Жалпы Түркістан облысында спортқа көп көңіл бөлінеді. Соның ішінде балалар спортын дамытуға басымдық беріледі. Түркістан облысы əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға күш салынып, балалар футболының өркендеуіне ерекше назар аударылып келеді.
Балалар спортын дамытуға бағытталған «Түркестан Арена» стадионында орналасқан бокс, күрес және ауыр атлетика бөліміне жазылып, жаттығу залдарында шыныға алады. Олармен Олимпиада жеңімпаздары,
Азия, Қазақстан біріншіліктерінің чемпиондары кездесіп, жігерлендіріп отырады.