Түркістан спортшысы Әлем чемпионы атанды
Түбі бір бауырлас Түркия мемлекетінің Адана қаласында спорттық жекпе-жектің джиткундо түрінен әлем біріншілігі өтті. Кілең мықтылар күш сынасқан дүбірлі сайыста Түркістан облысының спортшысы Нұрболат Ақылбек әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Келес ауданының өрені Нұрболат Нұрлыбекұлы жиырма екі жылдан бері бір салмақпен екі профильде топ жарған алғашқы спортшы атанды.
Жерлесіміз аталған спорт түрінен 22 жылдан бері Айтулы додаға әлемнің ең мықты спортшылар қатысты.
Нұрболат Нұрлыбекұлы 2003 жылы Келес ауданында дүниеге келген. Ол ең алдымен сегіз жасынан бастап боксқа қатысқан. Кейін спорттың джиткундо түріне қызығушылығы оянып, бокстан ауысады. Сонда бері осы спорт түрімен түрде тұрақты айналысып келеді. Жаттықтырушысы Бекзат Жалал да өз ортасында мойындалған білікті бапкер.
Нұрболат Нұрлыбекұлының жетістіктеріне тоқталатын болсақ, осы жылы еліміздің үшінші мегаполисы Шымкент қаласында панкратион спортынан сексен төрт келі салмақта облыс чемпионы атанса, наурыз айында
Алматы қаласында өткен ушу саньда спортынан сексен бес келі салмақта ел чемпионы атанған. Түркістан облысы және республиканы бағындырған жерлесіміз Түркияның Адана қаласында жетпіс бес келі салмақта әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанды.
Түркістан облыстық Денен шынықтыру және спорт басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда елімізде жауынгерлік күрес түрлері қарқынды дамып келеді. Әсіресе жекпе-жектiң джиткундо деп аталатын түрiне қызығушылар саны артып отыр.