Түркістан облысында тұрғындары түгел вакциналанған аудан бар
Түркістан облысында Шардара ауданының тұрғындары толықтай коронавирусқа қарсы екпе алды. Бүгінде шекараға жақын шалғайдағы шағалалы аймақта 78 мың адам тіршілік етеді. Соның тұрғындардығ ішінде вакцина салдыруы тиіс 35 мың 625-і түгел вакцинацияланған. Қалған азаматтар денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған балалар мен бала емсізетін аналар, аяғы ауыр әйелдер де бар.
Сонымен қатар, Созақ ауданының екпе алуы тиіс халқының 99 пайызы вакцина салдырған. Бұл пайыздық көрсеткіш Отырар мен Төлеби аудандарында 96 болса, Арыс қаласында – 95, Мақтаарал ауданында – 93.
Жалпы Түркістан облысында бүгінге дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші бөлігін 778 мыңнан астам адам салдырды. Ал, аталған екпенің екінші компонентін 625 мыңнан астам тұрғын қабылдады.
Соңғы тәулікте, облыс бойынша коронавирусқа шалдығудың 34 жағдайы тіркелді. Індетті өсу қарқыны 0,25 пайызды құрап отыр. Бүгінде инфекциялық стационарларда 2600 төсек орын бар, оның 1770-і бос тұр. Індет басталғалы өңірде коронавирустың 13 мың 372 жағдайы тіркелген.
Бүгін Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан қосымша 50 мың доза көлемінде QazVac отандық вакцина жеткізілген. Жалпы вакцинация басталғалы 900 мыңға жуық доза келіп жеткен. Айта кетейік, 770 мың адам вакцинаның бірінші құрамын салдырса, екінші компонентін 630 мыңға жуық адам қабылдаған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.