Түркістан облысы көпбалалы аналармен көш бастап тұр

Тұрғындарының саны бойынша елімізде алдыңғы қатардағы Түркістан облысы туу көрсекіші бойынша да көш бастап келеді. Елбасының арнайы Жарлығымен қайта құрылған Жетісай ауданында бүгінде 15 мың 957 көпбалалы ана бар. Олардың ішінде он сегіз жасқа толмаған төрт және одан көп баласы бар аналар 7 мың 869 болса, батыр аналардың саны 369-ды құрайды. Сонымен қатар, көпбалалы аналардың 1 мың 682-сі «Алтын алқа" медальінің иегерлері атанған. Ал, "Күміс алқа" медальін иеленгендер – 5 мың 288, біріннші және екінші дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар – 749. 

image.png

Жетісай ауданына қарасты Жылы Су ауылдық округіндегі Сүттібаевтар отбасы көпке үлгі. Бұл жанұяның ерекшелігі түгелдей дерлік көпбалалы. Шаңырақтың ұйытқысы болып отырған Зәуре апа он үш құрсақ көтерсе, келіндері мен қыздары да ана жолын жалғастырып 7-8 перзентті болып отырған жайы бар. 

- "Біздің кезде заман қиындау болды. Ол кездің аналарына қазіргідей жағдай жасалған жоқ. Перзенттерімнің жартысын өзім жаяу барып босансам, бір-екеуін үйде босандым. Жұбайым бір үйдің жалғыз баласы болды. Бар ойым күйеуімнің ұрпағын көбейту болды. Ешқандай баламды алдын-ала жоспарламадым. Құдайдың берген перзентін өмірге әкелдім. Осы күніме шүкір тәуба деймін. Адам ұрпағымен мың жасайды. Алла осы ұрпақтарымды аман етсін", - дейді Зәуре Сейдімбекқызы. 

Қазіргі таңда Зәуре апамыз ұл қыздарынан 75 немере, 26 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отыр.