Түркістанда Низами шығармаларының таныстырылымы өтті
Халықаралық Түркі академиясы «Низами жылы» аясында бірқатар іс-шараларды жоспарлаған болатын. Осы жоспарлардың аясында Түркістан қаласында Низами Гәнжауидің қазақ тілінде жарық көрген екі шығармасы - «Лейлі мен Мәжнүн» мен «Жеті сұлу» шығармаларының таныстырылымы өтті.
Бұл шығармалар Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңінде - 1940 жылдары қазақтың танымал жазушыларының аудармалары негізінде жарық көрді. Алайда, осы уақыт аралығында бұл кітаптар ескірген және қол жетімсіз болды. Осыны ескере отырып, Халықаралық Түрік академиясы шығармаларды толықтырып қайта басып шығаруға шешім қабылдады.
-Низами мұрасы мен шығармашылығы бүкіл әлемде өзекті және маңызды. Оның мұрасы тек Әзербайжан мен түркі әлемінің ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес рухани қазынасына айналды. Ол бүкіл Шығыста жаңа әдеби мектептің негізін қалады. Низамиден кейін, Насими, Физули, Науаи, Абай және басқа да ақын-жазушылар оның шығармашылығының әсерінен үлкен туындылар жасап, оның идеяларын дамытты», ̶ деді Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.
Оқырманға жол тартқан еңбекке Низамидың қос жырының Таир Жароков, Қасым Аманжолов, Тәкен Әлімқұлов, Ғали Орманов, Жақан Сыздықов және т.б. көрнекті қазақ ақындары аударған таңдаулы нұсқалары енген.