Түркістанда ТүркПА-ның отырысы өтеді

21.jpg

Түркістан қаласында Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының XX пленарлық отырысы өтеді. 27-28 қыркүйек күндеріне жоспарланған Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің басшылары қатысады деп күтілуде. Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының мерейтойлық XX пленарлық отырысына Өзбекстан мен Венгрияның Парламент өкілдері де шақырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Басқосуда алғашқы онжылдықта атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары талқыланады. Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы 2008 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

Айта кетері, аталған жиынның Түркістанда өтуінің өзіндік себебі бар. Түркістан бүгінде күллі түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылуда. Биыл наурызда Түркі кеңесіне мүше елдер басшыларының саммитінде Түркістан рухани астана ретінде ресми түрде мойындалды. 2017 жылы Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін иеленген болатын. 

Түркістан 2018 жылы Түркістан облысының орталығы болған күннеy бастап қарыштап даму үстінде. Үш жылдан астам уақыттың ішінде қала келбеті жаңа сипатқа ие болды.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түркістанда ТүркПА-ның отырысы өтеді