«Қылмыссыз жарқын болашақ»

Screenshot_4.png

Кәмелетке толмағандар  арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.

 Шымкент қаласында жасөспрімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында көптеген шаралар қола алынуда. Осындай шараның бірі жақында №26 Жамбыл атындағы мектеп– гимназиясында  5-6 сыныптар арасында «Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбымен сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан оқушыларды пән мұғалімі Байбосынова Салтанат арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Осы секілді іс-шара Терешкова атындағы N31 ЖОББМ-е кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында жарияланған айлық іс-шара жоспары аясында мектеп педагог-психологтарының қатысуымен оқушылар арасында Интернет желісін тиімді пайдалану, Кибербулингтің алдын алу мақсатында тренингтер ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар құқықбұзушылықтың себеп, салдары және онымен күресудің жолдарын талқылады. 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу, онымен күресу тек қана тәртіп сақшылардың ғана жұмысы емес, сонымен қатар ұстаздар мен әрбір ата-ананың міндеті.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Қылмыссыз жарқын болашақ»