Түркістан облысының есекшілері 21 алтын медаль жеңіп алды
Түркістан облысының есекшілері байдарка мен каноэда есуден өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 21 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Түркістан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев хабарлады.
Алматы облысының Бірінші мамыр тоғанында байдарка мен каноэда есуден Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде 2003-2004 жылы туылған жастар мен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер бақтарын сынады. Аталған ел біріншілігіне еліміздің 12 аймағынан 148 спортшы қатысқан.
Тартысты өткен ескекшілер сайысында Түркістан облысының саңлақтары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Олар елшілік чемпионатта 21 алтын, 10 күміс, 14 қола медальді олжалап, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Ал, 9 алтын медаль еншілеген Шығыс Қазақстан облысы екінші орынды иеленсе, Қарағанды облысының (Жезқазған қаласының) спортшылары 8 алтын алқаны олжалап, үздік үштікті қорытындылады.
Түркістан облысының байдарка мен каноэда есу құрама командасы осылай 2021 жылдың жарыс маусымын сәтті аяқтады. Осындай биік белестерді бағындырған шәкірттер – Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары. Олар осы маусым барысында 45 жүлдеге ие болды.