Түркістан облысында мың адаммен марафон ұйымдастыруға болады

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өңірде карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңмен жеңілдетілуде. Соңғы екі аптада өңірде коронавирустық инфекция аурушаңдығы 16,3 пайызға, пневмонияға шалдығу көрсеткіші 47,5 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мәлімдеді.

image.png

– Түрікстан облысында елімізде 27 қыркүйектен бастап күшіне енген Қаулыда «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілері болған кезде толымдылығын 50 пайыздан асырмай 100 келушіден көп емес жағдайда отбасылық іс-шаралар мен тойларды өткізуге, конференциялар мен форумдарды ұйымдастыруға рұқсат берілді. «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарда жоғарыда аталған барлық шаралардың өтуіне тыйым салынады. Сонымен қатар, бұған дейін жексенбі күні жүруіне тыйым салынған қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері қызмет көрсетеді, – деді Нұрбек Садықбекұлы.

Жаңа Қаулыда толымдылығы 70 пайыздан аспайтын 500 келушіден артық емес түрде «қауіпсіз» мәртебедегі азаматтардың қатысуымен көрме өткізуге болады делінген. Ашық ауада 1000 адамнан артық емес жағдайда марафондар, спорттық іс-шаралар келушілердің толымдылығы 80 пайыздан асырылмай өткізілуі тиіс.

Қоғамдық денсаулық басқарасы басшының орынбасары, облыстың бас дәрігерінің орынбасары Алтын Мейрамбайқызының айтуынша, аймаққа коронавирус инфекциялық дертіне қарсы вакцинаның бірінші компонентінің 908 мың 630 данасы, кодике қарс екпенің екінші компонентінен 813 мың 470 дозасы жеткізілген. Екпе егу бойынша облыс халқының 95 пайызы бірінші компонентін, 76,8 пайызы екінші компонентін салдырған.