Бір аптада 126 құқықбұзушы анықталды
Шымкент - біздің ортақ үйіміз. Сондықтан әрбір қала тұрғыны айналары таза ұстап, қала ішінде тазалық мәдениетін сақтауы тиіс. Ал бұл қағиданы бұзу - құқықбұзушылық болып танылады және ол үшін жаза қарастырылған.
Шымкенттік полицейлер бір аптада абаттандару қағидаларын бұзған 126 құқықбұзушыны анықтады. Шымкент қаласы Полиция департаменті ағымдағы жылы 27-қыркүйекпен 1-қазан аралығында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларын бұзған 126 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Сондай-ақ Еңбекші ауданының тәртіп сақшылары бір аптада ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 20 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бап. (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері қазіргі таңда қала аумағында "Таза қала" атты профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда, Шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.