Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!

Screenshot_11.png

Қазіргі кезде жастар арасында темекі тарту, алкогольдік ішімдікке әуестену жайттары жиі орын алуда.  Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында  Шымкент қаласындағы №28 жалпы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына қалалық әкімшілік қызметкерлері және спорт мектебінің ұстаздары мен психолог және нарколог дәрігерлерді шақырып, Еңбекші АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Жұлдыз Шортанбаева салауатты өмір салты туралы жиын өткізді.

Басқосуда, жасөспірімдер арасындағы спорт саласын дамыту және түрлі алкогольдік және темекіге тәуекелдікті болдырмау, алдын алу тақырыбында лекция оқылды. Сондай-ақ оқушулырдың көкейтесті сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. 

Президент Жолдауында  көрсетілген өзекті мәселелерінің бірі – салауатты  өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.  Салауатты өмір сүру дегеніміз не?  Ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекетерден аулақ болу. Ал  зиянды әрекет дегеніміз: қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері – шылым щегу, нашақорлық,  маскүнемдік. Міне, осы зиянды әдеттерден оқушыларымызды сақтауымыз қажет. Ана-аналардан бастап, үстаздар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері балаларды жат әдеттен сақтап, спорт баулуға күш салуымыз керек",- дейді Жұлдыз Шортанбаева.

 Осы орайда, №28 жалпы орта мектептің ұстаздары мұндай маңызы мол кездесулер жиі ұйымдастырылса, жасөспірімдерді тәрбиелеу жақсарады деп, ерекше атап өтті.  Ал Шымкенттік полицейлер жастар арасында зиян және теріс қылықтарға қарсы бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да ұдайы ұйымдастырылатынын жеткізді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!