Балмұздақ сату ісін қолға алды

Screenshot_13.png

Қажетті бизнес-идеяны таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, салықтарды түсіну, сатуды жолға қою – мұның бәрі кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерге қиын шаруа. Ал кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасы бизнес бастауға көмектеседі.«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдан бастап кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен іске асырылып келеді. 

Аталмыш бағдарлама үшінші мегаполисте де қарқынды жүзеге асырылып келеді. Биыл мемлекеттік грантқа қол жеткізген қала тұрғынының бірі - Севдиор Ихтиярұлы. Ол өткен жылы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 21 күндік «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолдама алған. Оқу аяқталысымен, қолындағы сертификатымен биыл мемлекеттік грантқа өтінім беріп, «құймалы балмұздақ»  ісі бойынша бизнес жоспарын әзірледі. Нәтижесінде комиссия жобасын мақұлдаған. 583 400 теңгелік грантқа қол жеткізіп,  қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Бүгінде күніне 200-ден астам дана балмұздақ сатып, ісін дөңгелетіп отыр.

  Айта кетйік, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерге оқуға: жұмыссыздар, еңбекке жарамды мүгедектер, жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер, аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, зейнет жасына жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, шаруа мен фермерлік қожалықтар, оның ішінде якорлық кооператив мүшелері, қоныс аударғандар мен қандастар қатыса алады.

 Айта кету керек, мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды, сәйкесінше курсқа қатыспайды. Сонымен қатар бала күтімімен демалыста жүрген аналар мен орта арнайы оқу орындары мен ЖОО студенттері де курсқа қатыса алмайды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Балмұздақ сату ісін қолға алды