Мемлекеттік қызметкер парасатты ойлауы қажет
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өтті. Айына бір рет өткізілетін жинынның мақсаты сыбайлас жемқорлықты алдын алу және жол бермеу болып табылады.
ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданғаны баршаңызға мәлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту болып табылады.
Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану; қоғамдық бақылау институттарын енгізу; мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау; құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз сөзінде бірінші – азаматтардың құқығын қорғау. Конституцияға сәйкес ұлтына, дініне, мүлік жағдайына қарамастан барлық азаматтар тең деген ережені ұстанып. Ешкім де заңнан биік емес. Қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысы болса, орталықта да, өңірлерде де бірінші басшылар тікелей жауапты деді. Сондықтан, кешенді алдын алу шараларын қолға алу қажет, – деді.
ҚР заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Тәжірибе көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы сыбайластық жемқорлық арқылы жасалады.
Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Жиынды қорытындылаған мамандар мемлекеттік қызметкер бойын жемқорлықтан ада қылып, ойын парасаттылыққа бұру керектігін айтты.