Төрт жатақхана салынуда

Screenshot_15.png

Шымкент – жастар қаласы. Үшінші мегаполисте оқу орындарында жалпы 100 мыңнан астам студент білім алуда. Жылдан жылға студенттерге деген қамқорлық артып келеді. Мәселен жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бағыты бойынша оң нәтижелер бар.

Елбасы Бес әлеуметтік бастамасы атты  үндеуінде 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасының 131 тармағына сәйкес мемлекеттік-жекешелік аясында 2500 орындық жатақхана салу жоспаланған. 

Мамандардың мәліметінше  ағымдағы жылы үшінші мегаполисте 1500 орындық 4 жатақхананы тапсыру жоспарланған.  Бүгінгі таңда 3 жатақхананың құрылысы жоспарға сәйкес  аяқталған. Ал біреуі қазан айында тапсырылады дейді салаға жауаптылар. 

Осы ретте  “J???????? O????????????” жанынан құрылған мобильді топ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жаңадан ашылған жатақханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді. Шымкенттегі іргелі оқу орнының жатақханасында  санитарлық талаптар сақталған. Әр қабатта Wi-Fi интернет желісінің жылдамдығын арттыра отырып, жатақхана студенттері үшін кітапханадығы кітаптар көбейтіліп, компьютер санын артқан. Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану бағытында жатақханада аранайы дойбы, шахмaт кабинеттері ашылған.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Төрт жатақхана салынуда