Жастарға мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

19.jpg

Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандағы Қапланбек ауылдық округіндегі N52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінде жастарға мемлекеттік бағдарламалар «Серпін-2050», «Жастар практикасы» туралы түсіндірілді. Бұл туралы Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығы хабарлады.   

Сонымен қатар, кездесуде жастарға қылмыс пен құқықбұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың аутодеструктивті мінез-құлықтың, нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жастар кездесуде мамандарға сұрақтар қойып, сұрақтар бойынша мамандар жауап берді. Кездесуде жастар өз ой пікірлерін білдіріп, белсене қатысты.

Жастар тәжірибесі-бұл жоғары оқу орындары,колледж бен лицейді бітірген түлектер үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған мүмкіншілік. Бітіруші түлек Жастар тәжірибесін меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады. Жастар тәжірибесіне қатысқан жоғары оқу түлектеріне мемлекет тарапынан 100 % көлемде 58 153 теңге төлем ақы жүргізіледі.Ал жұмыс беруші өзінің қалауынша қосымша төлем беруіне құқылы. Жоғары оқу орындарын, колледждер мен лицейді бітірген және өз мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибелері жоқ жастар қатыса алады. Жастар тәжірибесіне оқу бітіргеннен кейін зейнеткерлік төлемдері жоқ жастар жіберіледі.