Сарыағашта 51 емдік шипажай бар

16.jpg

Сарыағаш ауданына жыл басынан бері 71250 турист келген. Туристерге 51 емдік сауықтыру шипажайлары, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы, 21 қонақ үй қызмет көрсетеді.

-Туризмді дамыту мақсатында 2021 жылдың 8 айында жалпы құны 100,0 млн теңге болатын 1 нысан іске қосылды. Нәтижесінде, 20 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Қалған 2 нысан ағымдағы жылдың соңына дейін іске асырылатын болады,-деді жуырда аудандық мәслихаттың сессиясында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы бойынша баяндама жасаған сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев. 

Аудандағы шағын несие ұйымдары тарапынан ағымдағы жылдың 8 айында барлығы 1810 адамға жалпы соммасы 1,9 млрд теңге көлемінде несие беріліп, нәтижесінде 2340 жұмыс орны ашылды.

2021 жылдың 8 айында барлығы 10,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. Оның ішінде бюджет есебінен 3,4 млрд теңге, жеке қаражат есебінен 6,9 млрд теңгежәне басқа да қаражат көздері есебінен 0,151 млрд теңгені құрайды.

Сессиясыда халық қалаулылары аудан әкімінің есебіне оң баға берді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сарыағашта 51 емдік шипажай бар