Сарыағаш табиғи газбен 73 пайызға қамтамасыз етіледі
Сарыағаш ауданында елді мекендерге шаққанда табиғи газбен қамту үлесі 2021 жылдың 8 айында 54,9 пайызды құраған болса, жыл соңына дейін 14 елді мекенде құрылыс жұмыстарын аяқтап, қамту үлесін 73,2 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Ауыз сумен қамту үлесі бүгінгі таңға 56,3 пайыз болса, үстіміздегі жылдың соңына дейін 2 елді мекенге таза ауыз су беріп, қамту үлесін 56,3 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Сапалы электр энергиясымен 70 елді мекен қамтылған немесе 98,6 пайызды құрайды.
Биыл халыққа арнаған Жолдауында Президент қасым-Жомарт Тоқаев:
Жалпы, ондаған жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауыз су мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Сондықтан, Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет,-деп атап өткені белгілі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы:
- Еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуға тиіс. Әсіресе, ауаның тазалығы айрықша маңызды. Сондықтан, мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшірген жөн. Биыл батыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету ісін жақсарту үшін жалпы сомасы 700 миллиард теңге болатын үш жоба бойынша жұмыс басталады,-деді.