Сарыағашта 27 нысанның құрылысы жүргізілуде

17.jpg 

Биыл Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 12  млрд теңгеге 27 нысанның құрылыстары жүргізілуде. Ағымдағы жыл басынан бері оның ішінде: білім саласы бойынша – 2, электр қуатымен қамту бойынша - 2  және кәріз жүйесі бойынша (КСС №7,8,9)- 1 нысандар пайдалануға берілген болса, жыл соңына дейін 22 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.  Мұндай мәліметтерді жуырда аудандық мәслихат депутаттары алдында берген есебінде Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев келтірді.  

Бұл нысандардың 6-ауы-білім саласында,  4-еуі- табиғи газбен қамт, 4-еуі- электр қуатымен қамту, 4-еуі- ауыз сумен қамту, 2-еуі  кәріз жүйесі саласында және абаттандыру және жарықтандыру бойынша -2 нысан бар.

Сессия отырысына  аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Халық қалаулылары аудан әкімінің атқарған жұмыстарына оң баға берді.  

Айта кетері, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығына сәйкес  барлық деңгейдегі әкімдерге өз құзыреті шегінде, тиісті мәслихаттың регламентінде көзделген тәртіпке сәйкес жылына бір рет мәслихаттардың депутаттары алдында өздеріне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп беру міндеті жүктелген.