Қала халқы 3000 туристке қызмет көрсетпек

Screenshot_6.jpg

Үкімет тарапынан туризм саласына аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Туризм - экономиканың ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. Бүгінде туризм арқылы бюджетін толтырып отырған мемлекеттер аз емес. Туризм саласы арқылы көптеген азаматтарды жұмыспен қамтуға болады. Жұмыспен қамтылған азаматтар - елдің жарқын болашағының айқын кепілі. 

Бүгінде Шымкент қаласында туризм саласы шапшаң дамуда. Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров туризм саласын дамыту мақсатында тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін айтты. Халық пен әкімдік бірлесіп, құстың қос қанатындай қимылдаса алар асу көп болмақ. 

- Қаламызда бізден бірге қызмет етуге ниетті тұрғындарымыз да жоқ емес. Осы азаматтарға қуанышты жаңалығым бар. Бұйырса, туризм саласында "Nur Otan” партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында 170 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Оның биыл 22 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қуантарлығы, Шымкент қаласы халқының 2000-ға жуығы туристерге қызмет көрсетсе, енді жақын арада олардың санын 3000-ға жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Бұл дегеніміз Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау ғана емес, жерлестерімізге жұмыс беру арқылы қуаныш сыйлау мүмкіндігі болмақ, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Яғни алдағы уақытта Шымкентте туризм саласы төңіргегінде жаңа жұмыс орындары ашылып, туристерге қызмет көрсету деңгейі артпақ.