Сапалы білім туризм саласында тәжірибемен ұштасады

Screenshot_1.jpg

Туризм саласын дамытуда мамандар ерекше рөл ойнайды. Мамандар білімді де білікті болса, туристерге көрсетілетін сервис сапасы да артады. Сол себепті де мамандар дайындауға баса назар аударған абзал. 

Осы орайды Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті іскерлік қарым-қатынаста болады. Жақында басқарма басшысы Ерлан Қыдыров пен университет ректоры Майнюра Саветқызымен және студенттермен жолығып, туристік әлеуетті жақсарту және дамыту мақсатында екіжақты келісімге қол қойды.

"Өздеріңіз білетіндей, бұл жоғары оқу орны ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылы туристер легін арттыру маңыздылығын ескере, елімізде алғаш рет Халықаралық туризм және меймандостық университетін құру жөнінде айтқан шешімі аясында бой көтерген болатын. Қазірде университетте 1500-ге жуық студент білім алуда. Бұйырса, мұндағы студент-жастардың алған тәжірибесін іс жүзінде қолдану мақсатында екіжақты байланыс жанданатын болады.

Жастарымыз басқарма мен оған қарасты "Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығында, сондай-ақ екі қаланың туристерге қызмет ететін орындарының (қонақ үй, тамақтану орыны т.б) қызметкерлері арасында да тәжірибе алмасу жүзеге асады. Сондай-ақ, ауқымды іс-шараларда төбе көрсетіп, ерікті ретінде қызмет көрсетеді" - деді Ерлан Қыдыров кездесу барысында.