ХҚКО-да жемқорлыққа жол жоқ!

Screenshot_67.png

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары қарқын алды. «Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері Шымкентке келді. Олар шаһардағы бірқатар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысып, цифрландыру ісіне баға берді.

Жемқорлыққа қарсы мониторинтік топтың жетекшісі - Ғалым Байтүк. Ол  азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясындағы қызметтің кем-кетігін түгендеп, жүрген әлеуметтік желі белдсендісі һәм блогер. Қоғамдық кеңес мүшелері әуелі Бекжан базарындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына ат басын бұрды. Барды бағамдап, жоқты түгендеді. Халықпен тілдесіп, тұтынушы пікірін тыңдады.

Жалпы, мегақаланың  ХҚО-лары 9 айда 827 976 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Шаһар тұрғындарына осы мерзім ішінде 111 318  электронды цифрлы қол таңба берілген. Алайда, қарапайым жұрт қарапайым ЭЦҚ алу үшін арадағы делдалдарға ақы береді, алаяқтарға алданады.Ал, мұның бәрі түптеп келгенде, халықтың цифрлық сауатының төмендігінен дейді топ мүшелері.  

Бүгінде  қалада 10 ХҚО-ры, оның ішінде үш Мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Азаматтар онда жүргізуші куәлігін алу/ауыстыру және өз көлігін қайта тіркей алады. Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО-ларда 242 812 авто қайта тіркелді. Ал жүргізуші куәліктері 49 401 рет ресімделген. Қоғамдық кеңес өкілдері, сала жетекшілеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіруді жүктеді. Мұнан соң мониторингтік топ Қаратау аудандық № 1  халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметімен де танысты.


 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: ХҚКО-да жемқорлыққа жол жоқ!