«Jas Otan» жастармен кездесті
Түркістан облысы жастарының әлеуметтік белсенділігінің арттыруға бағытталған «Birgemiz Turkistan» жобасы мен облыстық «Jas Otan» жастар қанатының 2021-2025 жылдарға арналған жол картасындағы индикаторларды жүзеге асыру бойынша Сарыағаш ауданының жастарымен кездесу өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы жастар ресурстық орталығы хабарлады.
Кездесуге Түркістан облысы " Jas Otan " ЖҚ төрағасы,Түркістан қалалық маслихатының депутаты Жансерік Жұман, Сарыағаш аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы, " Jas Otan " ЖҚ төрағасы Нұрғали Отаров қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздың деңгейін төмендету, оларды спортқа баулу, құқықбұзушылықтың алдын-алу мен оған мүлдем төзбеу қағидасын қалыптастыру.
«Nur Otan» партиясының жанындағы Jas Otan – жастар қанаты, 21 жылдық тарихы бар, еліміздегі барлық санаттағы жас азаматтардың мүддесін білдіретін ең ірі жастар ұйымының негізгі мақсаты - жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес "Жастар – Отанға!" бағдарламасы әзірленіп, қазіргі уақытта ол белсенді түрде жүзеге асырылуда.